Бақты-Аягөз жаңа теміржол желісінің құрылысы басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бақты-Аягөз жаңа теміржол желісінің құрылысы басталды

21.12.2023

Абай облысында ұзындығы 270 шақырымнан асатын Бақты-Аягөз бағытындағы жаңа теміржол желісінің құрылысы басталды. Үкімет басшысы Әлихан Смайылов телекөпір арқылы байланысқа шығып, жобаны ресми түрде іске қосты. Ол еліміздің көлік-транзиттік әлеуетін дамытуға қатысты президент тапсырмасын орындау аясында жүзеге асырылмақ. Жаңа желіні салу барысында Қытаймен Бақты – Шәуешек үшінші шекара өткелін ашу жоспарланып отыр. Ауқымды жоба жеке инвестордың қатысуымен жүзеге асырылады. Құрылыс барысында 11 станция, 47 көпір, 23 теміржол және 8 автомобиль өткелі, 5 жаяу жүргіншілер көпірі 16 салынады.

Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-Министрі:

2033 жылға қарай Қытай бағытында қосымша 20 миллион тоннаға дейін жүк көлемін тарту жоспарлануда. Бұл жобаның арқасында жүк тасымалының бір бөлігі Бақты-Аягөз теміржол желісіне және Бахты-Шәуешек халықаралық шекара бекетіне бағытталатын болады. Магистраль құрылысы 1700 адамды жұмыспен қамтитын болады.

Досжан Маратұлы


Хабарламаларға жазылу