Қазақстандықтарға несие алу қиындай түседі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандықтарға несие алу қиындай түседі

20.12.2023

Қазақстандықтарға несие алу қиындай түседі. Бүгін Мәжіліс кредит беру кезіндегі тәуекелдерді азайту және қарыз алушылардың құқығын қорғау туралы заң жобасын қарауды бастады. Құжат негізінде төлеу мерзімі 90 күннен кешіктірілсе ол азаматқа басқа несие беруге тыйым салынады және оның басқа несиелеріне пайыз есептелмейді. Сондай-ақ, банктер мен микроқаржы ұйымдарына коллекторлық агенттіктерге азаматтардың несиелерін сатуға шектеу енгізу қарастырылған. Коллекторлардың жұмысы да осы заң негізінде реттелмек. Мұнымен қоса, жылу беру маусымында кәмелетке толмаған балалары бар отбасыларды жалғыз баспанасынан шығаруға тыйым салу нормасы қарастырылған. Заң жобасында жаңа кредитті алудан бас тартқан қазақстандықтардың қарызын кешіру ұсынысы қамтылған.

Татьяна Савельева, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Әскер қатарына шақырылғандардың несиесі борышын өтегенге дейін шегеріледі. Бұл уақытта оларға пайыз есептелмейді. Сонымен қатар заң жобасында Қылмыстық кодекс пен Әкімшілік кодекске түзетулер енгізу көзделген. Бұл ретте, жеке деректерді сату, абоненттік нөмірді ауыстыру және абоненттік нөмірді басқа тұлғаларға заңсыз бергені үшін қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік қарастырылады.

Оңғар Алпысбайұлы


Хабарламаларға жазылу