Астанадан шыққан ұшақ Оралға қона алмады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанадан шыққан ұшақ Оралға қона алмады

20.12.2023

Астанадан шыққан ұшақ ауа райының қолайсыздығынан Орал әуежайына қона алмай, Ақтөбеге ұшып кетті. Аймақта жаңбыр мен қатты желдің кесірінен ұшу-қону жолағына мұз қатқан. Қазір айлаққа реагент шашылып, әуежай ашылды. Енді Ақтөбедегі «Астана-Франкфурт» рейсі Оралға қайта ұшып келуі тиіс. Өңірде кешеден бері қар аралас жаңбыр, мұздақ жауып, желдің екпіні күшейді.

Ардақ Мұратқызы


Хабарламаларға жазылу