Ұлттық жоба аясында 217 мектептің құрылысы басталды
Білім беру саласындағы жыл қорытындысы шықты. Биыл ел бойынша 137 мың оқушыға арналған 165 мектеп пайдалануға берілді. Осылайша, 12 апатты жағдайдағы және үш ауысымда оқытатын 29 мектептің мәселесі шешілді. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 461 мың оқушыға арналған 217 мектептің құрылысы басталды. Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына - 151,9 млрд теңге түсті. 1,6 млн оқушы тегін ыстық тамақпен қамтылды. Мұғалімдердің жалақасы - 25%-ға, тәрбиешілердің жалақасы - 30%-ға артты. Биыл 1 қыркүйектен бастап стдуенттердің шәкіртақысы - 20%-ға, магистранттар мен докторанттар үшін - 15%-ға, колледж студенттерінің шәкіртақысы 50%-ға өсті.
Ғани Бейсембаев, ҚР Оқу-ағарту министрі:
Президент тапсырмасын орындау мақсатында алдағы 2 жылда жастарды сұранысқа ие мамандықтармен 100 пайыз тегін қамту көзделуде. 25-жылы мемлекеттік тапсырыс көлемі 155 мыңға дейін артатын болады. оның 70 пайыз техникалық мамандықтарға бағыттау жоспарланып отыр.
Аида Ахметбек
Автор
Аида Ахметбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ақсу шатқалында көру алаңы ашылды
22.09.2026, 10:07
Көк базардағы құрылыс 2028 жылға дейін жалғасады
22.09.2026, 10:06
Ресейде көші-қон талаптары күшейді
22.09.2026, 10:05
Түркияда шетелдіктерге заңсыз азаматтық алуға көмектескен топ ұсталды
22.09.2026, 10:05
Егінге бөлінген 300 миллион теңге қолды болған
22.09.2026, 10:05
Жапонияда 2 миллионға жуық адам эвакуацияланады
22.09.2026, 10:04
Үкіметте жол қозғалысы қауіпсіздігін күшейту шаралары талқыланып жатыр
22.09.2026, 10:03
Бірнеше медиа ұйым Трамп әкімшілігіне қарсы сотқа шағым түсірмек
22.09.2026, 10:02