Қытайда зілзаладан 100-ден аса адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытайда зілзаладан 100-ден аса адам қаза тапты

19.12.2023

Қытайдың солтүстік-батысында түнде болған жойқын зілзаладан 111 адам қаза тауып, 220-дан аса адам жараланды. Қуаты 5,9 балдық дүмпу Ганьсу және оған көршілес Цинхай провинцияларында болған. Зілзала болған аудандарға 1,5 мың өрт сөндіруші мен құтқарушы жіберілді. Қытай төрағасы Си Цзиньпин іздеу-құтқару жұмыстарына және жараланғандарды емдеу мен адамдардың өмірін аман сақтап қалуға бар күшті жұмсау қажет екенін мәлімдеді.

Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу