Қарағандыда құбыр жарылып, көпқабатты 6 үй сусыз қалды
Қарағандыда су құбыры жарылып, қаланың Оңтүстік-Шығыс аумағындағы бірнеше үй тіршілік нәрінсіз қалды. Ақау шыққан құбырдан аққан су көшені басқан. Оқиға орнынан тілшіміз Руслан Нұрланұлы қазір бізбен байланысқа шығады.
Руслан Нұрланұлы, тілші:
Кеше кешкілік қаланың Оңтүстік-Шығыс ауданындағы Мұқанов көшесінің бойында құбыр жарылды. Қазір осы маңда салынған «Отау» тұрғын үй кешеніндегі 6 үйде су жоқ. Жауапты коммуналдық мекеменің мәлімдеуінше ақау анықталған жерде электр тоғының жоғары кернеулі сымдары көптеп орналасқан. Осыған байланысты тисті мекемелермен келісе отырып жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Сол себепті құбырды ауыстыру жұмыстары екі күнге ұласады. Тіршілік нәрінсіз қалған тұрғындарға су тасымалмен жеткізіледі. Айта кету керек жарылған құбырдан аққан су көше бойына ағып, күннің сууына байланысты жолға мұз қатуда.
Руслан Нұрланұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Талдықорғанда тұрғын үйлер жөнделіп жатыр
11.08.2026, 10:12
Ыстанбұлда Абай күні аталып өтті
11.08.2026, 10:09
Олимпиада чемпиондарымен 10 мың қадам
11.08.2026, 10:07
Мажарстан депутаты: Құрылтай сайлауы-демократияның дәлелі
11.08.2026, 10:03
Түркия парламенті Күрдістан Жұмысшылар Партиясын таратуға негіз болаты заң қабылдады
11.08.2026, 10:02
Колумбияда қуаты 7,4 баллдық зілзаладан 132 адам қаза тапты
11.08.2026, 09:57
Бірқатар өңірде аптап ыстық болады
11.08.2026, 09:53
Жол ережесін бұзғандарды дрондар анықтайды
11.08.2026, 09:52