Шымкент қаласында креативті индустрияны дамыту үшін 5 негізгі бағыт айқындалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкент қаласында креативті индустрияны дамыту үшін 5 негізгі бағыт айқындалды

15.12.2023

Шымкент қаласында креативті индустрияны дамыту үшін 5 негізгі бағыт айқындалды. Енді кино және анимация, дизайн мен сән, IT, қолөнер және музыка саласындағы жаңашыл жобаларға мемлекет тарапынан қолдау көрсетіледі.

Креативті жаңа жоба «Балалар қорапшасы» деп аталады. Саз балшықтан түрлі бұйымдар жасайтын ұлттық қолөнер түрі енді замануи реңк алып, баллардың жан-жақты дамып жетілуіне негіз болмақ. Әсіресе денсаулығында кінәраты бар бүлдіршіндерді сауықтыруға бағытталғалы отыр. Әбірбір баланың QR код арқылы қолөнер шеберлерінің іс-қимылын үйде отырып-ақ үйреніп, кәсіп игеруіне мүмкіндігі болады.

 Гүлнұр Сейітханқызы, жоба авторы:

Саздың қасиеті адам жанына тыныштық сыйлайды. Сол кезде ол арқылы ішіне үңіле алады. Өзінің потенциалын көре алады. Өзін аша алады.

Форумда осы секілді 20 жоба көпшілікке таныстырылды. Оларды әрі қарай дамытып, іс жүзіне асыруға қаржылай қолдау көрсететін инвесторлар да қатысты. Ақыл-ойының озықтығымен дараланған азаматтардың 1 пайыз үстемақымен 10 миллионға дейін несие алуына мүмкіндігі бар Бүгінгі таңда тап осындай 11 кәсіпкер түрлі мемлекеттік бағдарламалар арқылы баспа ісі, кино, ойын-сауық бағытындағы креативті жобаларын жүзеге асырып келеді. Бұл саланы қолдау әрі қарай да жалғасын таппақ.

Қуаныш Асылов, Қала әкімінің бірінші орынбасары:

Әкімдік шығармашылық бизнес өкілдерімен бірлесіп, қала тұрғындары мен қонақтары үшін 5 креативті бағыт әзірледі. 2024 жылы қаламызда креативті хаб ашу жоспаралынып отыр.

Креативті хабта шығармашылық саласы мамандарының түрлі шеберлік сабақтары, арнайы шоу-рум, шығармашылық кештер мен кездесулер өткізілмек. Қазір шаһарда 2 жарым мыңнан астам азамат креатвиті жобалармен жұмыс істеуде. Бұл шаһардағы шағын және орта бизнестің 2 пайызға жуығы.

 Ғани Қалмаханов


Хабарламаларға жазылу