Солтүстік Қазақстанда дәрігерлерге берілетін cыйақы мөлшері екі есе өсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Солтүстік Қазақстанда дәрігерлерге берілетін cыйақы мөлшері екі есе өсті

14.12.2023

Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс істеуге барған дәрігерлерге берілетін бір реттік көтермеақы мөлшері екі есе өсті. Ауылға баратын мамандар 5 млн теңге, облыс орталығында тұрақтайтындар 3,5 млн теңгеге дейін жәрдемақы ала алады. Былтыр аймақтағы емдеу мекемелерінде 280 дәрігер қажет болатын, биыл 140 маманның орны бос тұр. Бұл проблема көтермеақы мөлшерін арттыру нәтижесінде шешіліп жатыр дейді жауапты мамандар. Өңірге акушер-гинекологтар, кардиологтар, онкологтар және хирургтар керек. Жергілікті бюджет есебінен 30 резидент білім алып жатыр.

Нұржан Тағаниязов, Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:

Ауданға баратын дәрігерлерге аудандық әкімшіліктің атынан үй беріледі. Сосын қосымша облыстық деңгейдегі қалаға келген біздің денсаулық сақтау басқармасынан беріліп жатқаннан бөлек, мекеменің өзінің атынан көтермеақы беріліп жатыр.

Эльмира Кәленова


Хабарламаларға жазылу