Еуропада қымбатшылыққа қарсы ереуілдер күшейді
Еуропада қымбатшылыққа қарсы ереуілдер күшейді. Қарт құрлық елдерінің кәсіподақ ұйымдары Брюссельде үкіметтің қатаң үнемдеу шараларына қарсы наразылық акциясын ұйымдастырды. Еуропаның бірнеше елінен жиналған шерушілер үкіметтен жалақыны көбейтіп, өмір сүруге қолайлы жағдай туғызуды талап етті. Себебі, қазір ЕуроОдақта қарыз бен дефицитті азайтуға бағытталған жаңа пактінің жобасы талқылануда. Құжат қабылданса Одаққа мүше 14 ел келесі жылы бюджеттерін 45 млрд еуроға қысқартуы тиіс. Бұл-жұмыссыздардың санын көбейтіп, алып дағдарысқа әкеп соғады-дейді кәсіподақ ұйымдарының өкілдері.
Тьерри Бодсон, Бельгия Кәсіподақ ұйымының президенті:
Біздің экономикалық жағдайымыз жақсы. Ұлттық банктің ақпаратына сүйенсек, өсім бар. Онда неге біздің есебімізден үнемдейді? Қатаң үнемдеу, мемлекеттік қызметкерлерді қысқарту-жақсылыққа апармайды.
Марилиз Леон, Франция Кәсіподақ ұйымының бас хатшысы:
Франция, Еуропа үкіметтері ақша іздегілері келмейді. Қаржылық операцияларға салық салса, табысы көптерге де салықты көбейтсе, проблема шешілер еді.
Нұрсұлу Қасым
Автор
Нұрсұлу Қасым
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Филиппин аралдарында қуаты 7,8 балдық зілзала болды
08.06.2026, 10:01
Ақтөбеде тұрғындар жаңбыр суының өзенге құйылуына наразы
08.06.2026, 09:59
Қазақстандағы ішкі туризм: Инфрақұрылым сұранысқа сай ма?
07.06.2026, 20:11
Жастардың тез табыс әкелетін жұмыстарды таңдауының себептері қандай?
07.06.2026, 20:08
Құлаған қасбет, опырылған қабырға, сынған терезе: Құрылыс сапасына кім жауапты?
07.06.2026, 20:06
СҚО-да 100-ден астам тауарлы сүт фермасы жұмыс істеп тұр
07.06.2026, 20:04
Alatau City: Жаңа қалаға не үшін арнайы мәртебе берілді?
07.06.2026, 20:00
Құрылтай депутаттары 5 жылға сайланады
07.06.2026, 19:53