«Көмек қажет» сигналын көрсеткен: Ақтөбеде полицей жас жігітті бұзақылардан құтқарды
Ақтөбелік полицей көмекке мұқтаж екенін халықаралық ишарамен білдірген жас жігітті бұзақылардан құтқарып қалды. Кәмелетке толмағандар жөніндегі инспектор Аймереке Мұханбетқазина дәмханалардың бірінің жанында сөзге келіп қалған үш адамды байқаған. Құқық қорғау қызметкері оларға жақындаған кезде жігіттердің бірі көмекке мұқтаж екенін халықаралық белгімен, яғни бас бармағын жұдырығының ішіне қысу арқылы көрсетіп үлгерген. Оған қауіп төніп тұрғанын түсінген полицей 102 нөміріне қоңырау шалды. Көмек келем дегенше, бұзақыларды өз бетінше ұстауға тырысқан. Шабуылдаушылардың бірінің қолында пышақ тәрізді зат болған. Жастардың ақшаға қатысты мәселеге дауласқандары мәлім болды. Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр.
Жақсыбек Кемал
Автор
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
21.10.2026, 23:06
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30
Абайға қатысты жәдігерлер жеке жинаққа топтастырылмақ
21.10.2026, 20:23
35 мың тұрғын «Кітап оқитын ұлт» марафонына қатысып жатыр
21.10.2026, 20:21
Мәулен Әшімбаевтың жаңа кітабы таныстырылды
21.10.2026, 20:20
Патриоттық әндерге байқау жарияланды
21.10.2026, 20:20
Республика күніне орай сауда орталықтары ауқымды акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 20:19
Тау кластері: Экономикалық әлеует артады
21.10.2026, 20:17