Биыл мемлекеттік бюджетке 18 трлн 200 млрд теңге кіріс түсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Биыл мемлекеттік бюджетке 18 трлн 200 млрд теңге кіріс түсті

12.12.2023

Биыл мемлекеттік бюджетке 18 трлн 200 млрд теңге кіріс түсті. Дегенмен, жылдық жоспар толық орындалмаған. Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевтің сөзінше, әсіресе корпоративтік табыс салығы, импортқа салынатын қосылған құн салығы мен пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық қазынаға уақтылы түспеген.

Сонымен бірге, мемлекеттік сатып алу саласында бірқатар заңбұзушылық анықталды. Арнайы тексеріс кезінде 72 мыңнан аса тендердің дұрыс өтпегені белгілі болған. Ал бұл жобаларға мемлекет 231 млрд теңге бөлген. Заңбұзушылықтың көбі тауар жеткізу, қызмет көрсету, бюджетті өтеу және есептеу кезінде болған. Аудит жүргізілгеннен кейін оның 175 млрд теңгесі өтелді. Шығын көлемі 50 млрд теңгеден асады.

Ерұлан Жамаубаев, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары, Қаржы министрі:

Республикалық бюджет бойынша сомасы 20 трлн. теңгеге шығыстар жүргізілді. Атқарылмау 336 млрд. теңгені құраса, оның ішінде үнемдеу – 29 млрд. теңге. Игерілмегені – 307 млрд. теңге. Игерілмеудің неғұрлым ірі сомалары ішкі істер, өнеркәсіп және құрылыс, төтенше жағдайлар және мәдениет және ақпарат министрлігі министрліктерінде қалыптасты. 


Айя Мүтәлі

Хабарламаларға жазылу