Алматы облысында жол жабылып, апат көбейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы облысында жол жабылып, апат көбейді

12.12.2023

Ауа райының қолайсыздығы салдарынан Алматы обылысында да көлік қозғалысы қиындай түсті. Мәселен, Қонаев қаласының кіреберісінде ұзын-сонар кептеліс болып, көлік жүргізушілері қаланың ішіне кіре алмай жатыр. Ал облыс әкімдігі кеше кешкі 20:00-ден кейін «Алматы-Өскемен» республикалық маңызы бар автожолы, яғни, облыс орталығына баратын жолдың жабылатынын айтқан болатын. Айта кетейік, Қонаев қаласының көшелерін қардан тазалау үшін дәл қазір 11 техника, 30 адам жұмыс істеп жатыр.

Сондай-ақ, Алматыда түннен бері жауған қардың салдарынан мегаполисте кептеліс пайда болып, көлік апаты жиіледі. Таңға дейін 33 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Төрт адам жарақат алған. Арасында автобустар да бар. Алматы полициясы қалалықтарға көлік дөңгелегін қысқы мезгілге сай ауыстыруды тағы да ескертіп отыр.

Әйгерім Ердәулет


Хабарламаларға жазылу