Декларациялау кезінде қолма-қол ақшаны көрсету қажет – комитет - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Декларациялау кезінде қолма-қол ақшаны көрсету қажет – комитет

11.12.2023

Жалпыға бірдей декларациялау кезінде қанша қолма-қол ақшаның барын көрсету қажет. Бүгін Мемлекеттік кірістер комитеті мұның себебін түсіндірді. Мамандардың айтуынша, қазір барлық төлемдердің 86 пайызы электронды түрде жүзеге асады. Тіпті айналымда жүрген қолма-қол ақшаның нақты мөлшері белгісіз. Сондықтан мүлікті жария ету кезінде азаматтар 34 миллион теңгеге дейінгі қолма-қол ақшасын көрсетуі тиіс. Декларациялау алдағы жылы басталады. Ақшадан бөлек, шетелде және Қазақстанда активтердің бар-жоғы көрсетілуі қажет.


Хабарламаларға жазылу