Коронавирус қолма-қол ақша арқылы жұғуы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Коронавирус қолма-қол ақша арқылы жұғуы мүмкін

16.03.2020
Коронавирус қолма-қол ақша арқылы жұғуы мүмкін

Коронавирус қолма-қол ақша арқылы жұғуы мүмкін. Ресейлік сарапшылар осылай дейді.

«ДДСҰ қолма-қол ақшаны пайдаланған кезде қолды жуып, бетіңізге тигізбеуге кеңес берді. Алайда қолма-қол ақшаны пайдаланбау туралы қатаң ұсыныстар айтқан жоқ. Әйтсе де теориялық тұрғыдан қолма-қол ақша арқылы вирус жұғуы мүмкін», - деді олар.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, вирус қағаз беттерінде және пластиктерде біраз уақытқа дейін қала береді. COVID-19 вирусы қағаздарда 3-4 күнге дейін, ал пластиктерде 9 күнге дейін сақталады екен.

ria.ru

Хабарламаларға жазылу