Еліміздің бірнеше аймағында 44 градус аяз болады
Қазақстанның басым бөлігінде 44 градусқа дейін аяз болады. Қазгидромедтің болжамынша, қолайсыз ауа райы солтүстік және батыс өңірлерде апта соңына дейін сақталады. Күннің суытуына байланысты бірқатар облыста жол жабылды.
Нақтырақ айтсақ, республикалық маңызы бар 46 жол учаскесінде көлік қозғалысы шектелді. Ал Ақмола облысы мен солтүстік өңірлерде аяз күшейіп, түнгі уақытта ауа температурасы минус 32-35 градусқа дейін жетті. Желдің екпіні секундына 9-14 метр. Аязға байланысты бүгін Елордада бірінші және екінші ауысымның тоғызыншы сыныпқа дейінгі оқушылары мектепке бармайды. Сабақ онлайн өтеді. Ал Қарағанды мен Теміртауда сабақ екі сағатқа кеш басталды.
Айя Мүтәлі
Автор
Айя Мүтәлі
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Конституциялық реформа – ауқымды өзгерістің бастауы
23.01.2026, 21:09
60 мың тонна қоқыс қайта өңделді
23.01.2026, 20:39
Спорт саласының мамандары біліктілігін арттырып жатыр
23.01.2026, 20:34
Тұрғындар ауылдың дербес бюджеті болғанын қолдайды
23.01.2026, 20:30
Президент: Мәдени мұраларымыз жаһандық деңгейде танылуы тиіс
23.01.2026, 20:29
Жекеменшік мектептерді қаржыландыру қалай реттелмек?
23.01.2026, 20:20
«Аңсаған сәби» бағдарламасы бойынша квота саны артты
23.01.2026, 20:17
Ауданның инфрақұрылымын дамытуға 61,8 млрд теңге инвестиция тартылды
23.01.2026, 20:16