Құтқарушылардың қызметі туралы заң өзгереді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Құтқарушылардың қызметі туралы заң өзгереді

08.12.2023

Төтенше жағдайлар қызметкерлерінің жалақысы әлі де төмен. Тұрғын үй төлемі де берілмейді. Салдарынан азаматтық қорғау саласына кәсіби мамандар тұрақтамайды. Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов Сенат қабырғасында өткен парламенттік тыңдауда осылай деді. Биыл құтқарушылардың айлығы 10 мен 77 пайыз аралығында көтерілген. Бұл да жеткіліксіз болып отыр. Елімізде соңғы уақытта болған табиғи және техногендік апаттар төтенше жағдайлар қызметінің бірқатар функциясын өзгерту қажет екенін көрсетті. Қазір заң жобасы әзірленіп жатыр.

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:

Әлемдегі озық тәжірибелерді зерттеп, жаңа тәсілдерід енгізу өте маңызды. Сонымен қатар ғылыми әлеуетті кеңінен пайдалану абзал. Азаматтық қорғау сияқты маңызды сала тиісті деңгейдегі қаржыландыруды қажет ететіні де белгілі. Сондықтан үкімет пен әкімдер бұл мәселеде жүйелі және кешенді шешімдер қабылдауы керек.

Қасақана орман өртейтіндермен күресті күшейту қажет

Жиын кезінде депутаттар құтқарушылардың жұмысын қиындататын қасақана өрт қою деректерімен күресу қажеттігін айтты. Олардың мәліметінше, ағаш сатумен айналысатын кәсіпкерлер орман алқаптарын әдейі өртейді. Кейін мемлекеттен арзанға сатып алып, шетелге қымбатқа сатады. 2 жыл ішінде Қостанай және Абай обыстарында 100 мың гектардан астам орман алқабы өртенген. Ал күйген алқапты санитарлық тазалау ісімен айналысқандар миллиардтаған теңге пайда көрген.

Жанболат Жөргенбаев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

Мұндай қылмыстық схемаларды болдырмау үшін орманды кесу және сату үшін, өрткенген кезде ағаштарды санитарлық кесу және оны ісін тек мемлекеттік ұйымдарға беру қажет деп санаймын. Сатудан түскен табыс мемлекет бюджетіне түссін. Сонда біз қасақана өрттің санын азайтып, үлкен орман өртінің алдын аламыз деп ойлаймын.

Оңғар Алпысбайұлы


Хабарламаларға жазылу