Степногорск қаласында бірнеше көп пәтерлі тұрғын үй жылусыз қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Степногорск қаласында бірнеше көп пәтерлі тұрғын үй жылусыз қалды

08.12.2023

Степногорск қаласында бірнеше көп пәтерлі тұрғын үй сарышұнақ аязда жылусыз қалды. Әкімдіктің мәліметінше, бұған жылу трассасындағы апат себеп. Дәл қазір бізбен осы өңірдегі тілшіміз Ұмсындық Наурызбаева тікелей байланысқа шығып тұр. Ұмсындық, қазіргі жағдай қалай? Тұрғындарға жылу берілді ме?

Ұмсындық Наурызбаева, тілші:

 Тұрғындарға жылу әлі берілген жоқ. Дегенмен, облыс әкімінің хабарлауынша, осыдан екі сағат бұрын жылу трассасындағы ақаулар жойылған. Қазіргі уақытта жүйеге су жіберіліп жатыр. Айта кетейік, кеше кешке Степногорск қаласының Славское, Целиноград көшілеріндегі жылу трассасында апат болып, ондаған отбасы қақаған суықта жылусыз қалды. Қазір өңірде ауа температурасы -33 градусқа дейін төмендеген. Жылуға жауапты мамандар тұрғындарға жылу жақын арада беріледі, - деп отыр.

Ұмсындық Наурызбаева


Ақмола облысы Степногорск

Хабарламаларға жазылу