Үкімет басшысы жер ресурстарын цифрландырудағы кемшіліктерді жоюды талап етті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үкімет басшысы жер ресурстарын цифрландырудағы кемшіліктерді жоюды талап етті

07.12.2023

Үкімет басшысы Әлихан Смайылов жер ресурстарын цифрландырудағы кемшіліктерді жоюды талап етті. Елемегендер жұмыстан шығарылатынын ескертті. Үкіметте Премьер-Министрдің төрағалығымен Цифрландыру мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. Премьер-Министр 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап тиісті мемлекеттік қызметтерді тек цифрлық форматта сапалы түрде көрсету үшін барлық кемшіліктерді қысқа мерзімде жою керектігін атап өтті. Талдау нәтижесінде әкімдіктер жүктеген цифрлық деректердің барлығы талапқа сай емес екені анықталды. Атап айтқанда, қолданыстағы бас жоспарлар мен егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларына түзету енгізу қажет. Сонымен қатар платформада өтінімдерді уақтылы қарамау және негізсіз бас тарту фактілері анықталған.

Самал Қабышева


Хабарламаларға жазылу