Дәрігерлерге арналған тұрғын үй бағдарламасы іске қосылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дәрігерлерге арналған тұрғын үй бағдарламасы іске қосылды

06.12.2023

Атыраулық дәрігерлер үшін жаңа тұрғын үй бағдарламасы іске қосылады. Медицина қызметкерлерін баспанамен қамтуға бағытталған маңызды шара жергілікті әкімдікпен «Отбасы банктің» ортақ жобасы.

Қазіргі таңда облыста медицина саласында 1300 маман жұмыс істейді. Оның ішінде 400-ге жуық дәрігердің әлі күнге дейін жеке баспанасы жоқ. Бұл бағдарлама аясында несие алушылар тізімі ұпай санына қарай жасақталады. Тәжірбиесі ескеріледі. Сонымен қатар, облыста сұранысқа ие бірқатар мамандық иелеріне баымдық беріледі.

Қайсар Абдалиев, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

2022 жылдың 1 қаңтардан бастап осы өңірде қызмет атқарып жақан дәрігерлер болу керек. Бұл жерде тек жас мамандар емес тәжірбиелі мамандар да қатыса алады. Балдық жүйе енгізілді егер балдары бірдей болған жағдайда тәжірбиесінің көптігіне байланысты беріледі.

Жергілікті бюджеттен «Отбасы банкіне» 1 млрд теңге бөлінді. Бұл қаражат кемінде 40-қа жуық отбасыны баспанамен қамтиды. Бастапқы жарнасыз әрі несие мөлшерлемесі 5 пайыз, ал жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі 5,2 пайыз. Несиенің ең жоғары сомасы – 25 млн теңге.

Нұржан Мугалимов, «Отбасы банк» АҚ АОФ директоры:

Өзінде немесе олардың отбасы мүшелерінде жоқ дегенде 5 жылдың үстінде үй болмауы керек. Төлеу қабілетін тексереміз. Төлеу қабілетін тексерген жағдайдан кейін белгілі бір уақыт беріледі үй іздеуге. Жаңа үйлерді де ескі үйлерді е алуға болады. Бірақ 50 жылдан асқаны болмау керек.

Бағдарлама шартына сәйкес жеңілдетілген несие алған барлық қатысушы жұмыс берушімен келісім шартқа отыру тиіс. Мемлекеттік медициналық ұйымда кемінде 5 жыл толық жұмыс істеуге міндеттеледі.

Хабарламаларға жазылу