Шығыс Қазақстан облысындағы бірнеше ауданда сабақ болмайды. Өңірде кешеден бері боран соғып, соңы көктайғаққа ұласты. Облыстық білім басқармасы Күршім ауданындағы 8 ауылда сегізінші сыныпқа дейінгі оқушыларға сабақ болмайтынын хабарлады. Глубокое ауданындағы Жаңа-Ертіс және Белоусовка орта мектептерінде бастауыш сыныптары да онлайн оқуға көшірілді. Бұл бірінші ауысымға қатысты. Жалпы шығыста соңғы үш тәулікте ауа райы бұзылып тұр.
Семей қаласында да І ші ауысымда 1-9 сынып оқушылары үшін сабақ қашықтан оқу форматына ауыстырылды. Оған қатты жел мен көктайғақ себеп. Абай, Бородулиха, Бесқарағай аудандарында да сабақ онлайн болады. Көктайғақ пен боран салдарынан көліктердің жүруі қиындаған. Қарауыл ауылына барар жолда бірнеше көлік тайғанап, жол шетіне шығып қалған.
Олжас Керейхан