Студенттер тұратын хостелдерге талап күшейеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Студенттер тұратын хостелдерге талап күшейеді

05.12.2023

Студенттер орналасатын хостелдерге талап күшейтіледі. Жоғары білім және ғылым министрі Саясат Нұрбек Үкімет отырысында осылай деді. Ал Алматыда өртенген хостелмен университеттер арасында ресми келісім болмаған. Жоғары білім және ғылым, Денсаулық сақтау, Төтенше жағдайлар министрліктері бірлесіп, студенттер орналастырылатын ғимараттарға 15 талап әзірленген. Бұйрыққа қол да қойылды. Осы оқу жылында ел бойынша 17 мың студентке жатақхана жетпей қалған. Қазір ел аумағында 43 жатақхана салынып жатыр. Олардың құрылысы біткенде 10 мыңнан астам студентті орналастырамыз, - деді министр. Келер оқу жылынан бастап университеттер жатақхана ұсына алмаса, студенттерді оқуға қабылдамайды.

Саясат Нұрбек, ҚР Ғылым және жоғары білім министрі:

Енді жоғары оқу орындары осы оқу жылының қыркүйегінен бастап кемінде 70 пайыз оқып жатқан студенттерді жатақханамен қамтамасыз етуі керек. Ал бірінші жыл қабылданғандар 100 пайыз қамтамасыз етілуі керек. Керекті бұйрықтар қазір мемлекеттік органдармен келісілуде. Талаптар нақты күшейтіледі.

Оңғар Алпысбайұлы


Хабарламаларға жазылу