Шымкентте сырқат көбейіп, ауруханада орын жетпей жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте сырқат көбейіп, ауруханада орын жетпей жатыр

04.12.2023

Сафура Бейсенқызы ауру жұқтырған немересін алып, екі аптадан бері инфекциялық ауруханада ем алуда. Алғашында үлкені ауырды. Ол жазылып, үйге шыға бергенде 3 жастағы кішісінің сырқаты асқынып кетті. Дене қызуы 40 градусқа дейін көтеріліп, күйіп-жанып жатқан бүлдіршінді жедел жәрдеммен аурханаға әрең жеткізді. «Екі ретінде де палатада орын болмады. Аурухана науқастарға лық толы»,-дейді ол.

Сафура Бейсенқызы, қала тұрғыны:

Аурухананың ішінде біз коридорда қызым немеремді алып жатты. Іштен процедурныйдан кушетка шығарып берді. Соның өзінде коридорда 15-20 адам жерге төсек салып, қаншасы жерде жатты. Стульяда баласын құшақтап отырған ата-аналар да болды.

Ауруханадағы шынайы ахуалды науқастардың өздері түсіріп жіберген мына бейнекөріністер айғақтап тұр. Карантин болғандықтан бөгде адамдарға емдеу мекемесінің ішіне тұрмақ ауласына кіруге рұқсат жоқ. Аурухана басшылығы да жағдайдың тым күрделеніп бара жатқанын растап отыр.

Мұрат Ағабаев, қалалық жұқпалы аурулар ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары:

Демалыс күндері науқас өте көбейгеннен кейін 1-2 сағат сондай болады. Максимально біз босаттық шарушалық бөлемелерін, соған кіргізіп, қосымша палаталар аштық. Әр бөлімшеде 1 палатадан ашқанда 20-30 орын.

Жұқпалы аурулар емханасы 360 орынға лайықталған. Оның 260 төсек орынында қызылшамен ауырғандар жатыр,-дейді бас дәрігердің орынбасары.

Ғани Қалмаханов, тілші:

Шаһарда эпидемиологиялық ахуал күрделене қалса деген болжаммен оттегімен емдеу орталығынан қосымша 60 орын әзірленген болатын. Оған бір айдан аса уақыт болды. Содан бері мұнда қызылша диагнозымен бірде бір науқас жатқызылмаған.

Денсаулық сақтау басқармасының ресми мәліметі болып жатқан жайттан біршама алшақтау. Олар ауруханада әлі 45 орын бос тұр деген дерек таратты. Бұл жерде бос тұрған төсек бола тұра науқасты дәлізге жатқызған дәрігер айыпты ма, әлде басқарма шынайы жағдайдан бейхабар ма? Бұл мәселе әзірге жұмбақ болып тұр.


Ғани Қалмаханов

Хабарламаларға жазылу