Қазақстанда АИТВ инфекциясын жұқтырған 30 мың адам тұрады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда АИТВ инфекциясын жұқтырған 30 мың адам тұрады

01.12.2023

1 желтоқсан Дүниежүзілік СПИД-ке қарсы күрес күні. Осыған байланысты елордада онкүндік жарияланды. Оның аясында қоғамдық жерлерде экспресс-тестілеулер өткізіліп, аурудан сақтану жолдары түсіндіріледі.

Қазір ел аумағында ВИЧ инфекциясын жұқтырған 30 мың адам тұрады. Елордалықтардың шамамен 25 пайызы тексерістен өткен. Оның бір пайызынан, яғни 352 адамнан індет анықталған. Дәрігерлер ВИЧ инфекциясын жұқтырудың жаңа деректері азайғанын айтады. Мұны азаматтардың індет жайлы сауаттылығы артып отырғанымен байланыстарады.


Хабарламаларға жазылу