Ақтөбеде өрт сөндіру көліктері аулаларға кіре алмайды
Ақтөбеде көпқабатты үйлердің аулаларына өрт сөндіру көліктерінің кіруі қиын. Өйткені, тұрғындар әр түрлі кедергілер қойып тастаған.
Өрт қауіпсіздігінің алдын алу үшін Төтенше жағдайлар департаменті мен қала әкімдігі рейд өткізіп жатыр. Мамандардың айтуынша, облыс орталығындағы көптеген аулаларға өрт сөндіру көліктері кіре алмайды. Өйткені, жасанды кедергілер көп. Түсіндірме жұмыстарының нәтижесінде, 30-дан астам осындай тосқауыл алынып тасталды. Оның үстіне биыл өрт оқиғалары да жиілеп кеткен. Облыс бойынша 490 жағдай тіркелді. 10 адам көз жұмып, 12-сі түрлі жарақат алды.
Бекзат Тұрғалиев, қала әкімі аппаратының төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс бөлімінің басшысы:
Жолға автокөлік дөңгелектерін және бетондар қойып тастаған. Қазір осы кондоминиум төрағасына ескерту береміз бір айға.Егер бір ай ішінде алмаса, айыппұл салатын боламыз.
Жақсыбек Кемал
Автор
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
21.10.2026, 23:06
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30
Абайға қатысты жәдігерлер жеке жинаққа топтастырылмақ
21.10.2026, 20:23
35 мың тұрғын «Кітап оқитын ұлт» марафонына қатысып жатыр
21.10.2026, 20:21
Мәулен Әшімбаевтың жаңа кітабы таныстырылды
21.10.2026, 20:20
Патриоттық әндерге байқау жарияланды
21.10.2026, 20:20
Республика күніне орай сауда орталықтары ауқымды акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 20:19
Тау кластері: Экономикалық әлеует артады
21.10.2026, 20:17