Жұмыссыз қалған азаматтар әлеуметтік көмек алады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жұмыссыз қалған азаматтар әлеуметтік көмек алады

01.12.2023

Жұмыссыз қалған қазақстандықтар әлеуметтік жәрдемақы алуға құқылы. Бұл төлем міндетті Әлеуметтік сақтандыру қоры қаражаты есебінен алынады. Қазақстанда мұндай әлеуметтік төлем алушылардың саны – 110 мыңнан асады. Жәрдемақы алу үшін eGov.kz порталына кіріп, тіркелесіз. «Жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамтылу» бөліміне кіріп, «Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу» қызметін таңдайсыз. Қызметке онлайн тапсырыс беру үшін, электрондық цифрлық қолтаңбаңыз керек. 1 күн ішінде Жұмыспен қамту орталығы тұрғылықты мекенжайыңыз бойынша вакансиялар ұсынады. Жұмыс табылмаса, 3 күн ішінде жұмыссыз статусы қашықтан тағайындалады. Бұл қызметті еnbek.kz арқылы да онлайн-режимде алуға болады. Әлеуметтік көмек алу үшін бірнеше құжат керек: Жеке куәлік, өтініш, банктегі есеп-шоттың нөмірі. Ал мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына адамның жұмысқа тұрғаны туралы мәлімет түскен бойда төлем автоматты түрде тоқтатылады. Егер өтініш беруші зейнеткерлік жасқа толса, жәрдемақы төленбейді.

Аида Ахметбек


Хабарламаларға жазылу