Алматыдағы өрттен құтқарылғандар қаладағы үш хостелге орналастырылды. Олардың жетеуі бас тартып, үйлеріне қайтқан. 49 адам жатақханада тұрып жатыр.
Қазір зардап шеккендер әкімдік бөлген жатақханаларда тегін тұрып жатыр. Ыстық тамақпен қамтамасыз етілді. Өрттен аман шыққандар хостелге бір айға 27 мың теңгеден төлеп тұрғандарын айтады. Алайда ғимарат ішінде қауіпсіздік мәселесі қарастырылмағанын білеміз дейді. Нарықтағы бағадан арзан болғандықтан, оның үстіне күндіз жұмыс істеп, сабақта жүреміз, сол себепті жалдаған едік дейді. Жатын орында негізінен жастар тұрған. Олардың көбі жұмыс істейтін азаматтар мен студенттер. Қала әкімдігінің мәліметінше, өрт болған хостелдің бастапқы мақсаты –дүкен жэне қызмет көрсетуге арналған екен. Алайда ғимараттың иесі 1,5 ай бұрын нысанды заңсыз хостелге айналдырған. Қазір жұртқа хостелді жалға беріп келген иелерін полиция іздеп жатыр.
Қуан Нұрақын