Еуропаға заңсыз мигранттар ағылуы мүмкін
Еуропаға заңсыз мигранттар ағылуы мүмкін. Себебі, Нигердің әскери хунтасы елдегі «заңсыз миграциямен күрес» туралы заңның күшін жойды. Нигерден Ливияға, онан әрі қарт құрлыққа мигранттар тасымалдаумен айналысатын контрабандашылар осы заң аясында жазаға тартылатын. Енді, қылмыстық топ өкілдері адам саудасын қайта күшейтуі мүмкін-деп алаңдайды Еуропа мемлекеттерінің басшылары. «Frontex» шекаралық бақылау агенттігінің мәліметінше былтыр ЕуроОдаққа 330 мың заңсыз мигрант келген. Бұл 2021жылмен салыстырғанда 64 пайызға көп. ЕуроОдақ енді мигранттарды саудалауға және заңсыз әкелуге қарсы ғаламдық альянс құрмақ.
Нұрсұлу Қасым
Автор
Нұрсұлу Қасым
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыӨскеменде экологтар жастарға дәріс оқыды
22.10.2026, 10:11
Алматыда өнертанушы Мұхамеджан Әлімбаевтың 75 жылдығына арналған көрме ашылды
22.10.2026, 10:09
Брюссельдегі әйгілі мүсінге қазақтың шапаны кигізілді
22.10.2026, 10:08
Павлодар облысында тауарларға жеңілдік апталығы жарияланды
22.10.2026, 10:06
Кремль Украина мәселесі бойынша үшжақты келіссөзге дайын
22.10.2026, 10:04
Адамның араласуынсыз тапсырма орындайтын ЖИ жүйелері талқыланады
22.10.2026, 10:01
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
21.10.2026, 23:06
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30