Петропавлда сепаратистерге қатысты сот үкімі шықты
Қазақстан тәуелсіздігін мойындамай, жұмысшылардың «халық кеңесі» ұйымын құрған сепаратистерге қатысты сот үкімі шықты. Естеріңізге сала кетсек, биыл 19 наурыз күні Петропавлдың 19 тұрғыны жергілікті колледждердің бірінде басқосып, декларация қабылдаған. Әлеуметтік желіде Қазақстанның тәуелсіздігін жоққа шығаруды мақсат еткен жазбалар жариялаған. Жиынға қатысқандардың төртеуі ғана сотталып, қалғаны куәгер ретінде жауап берді. Вячеслав Зудерман 9 жылға бас бостандығынан айырылды. Елена Болдырева, Мәдина Қапарова және Ольга Бережновалар 7 жылға сотталды. Олар жазасын орташа қауіпсіздік мекемесінде өтейді.
Эльмира Кәленова
Автор
Эльмира Кәленова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30
Абайға қатысты жәдігерлер жеке жинаққа топтастырылмақ
21.10.2026, 20:23
35 мың тұрғын «Кітап оқитын ұлт» марафонына қатысып жатыр
21.10.2026, 20:21
Мәулен Әшімбаевтың жаңа кітабы таныстырылды
21.10.2026, 20:20
Патриоттық әндерге байқау жарияланды
21.10.2026, 20:20
Тау кластері: Экономикалық әлеует артады
21.10.2026, 20:17
Соңғы 7 жылда 36 мың шақырымнан аса жол салынған
21.10.2026, 20:16
Кеншілер әулетіндегі жас маман атакәсіпті жалғастырды
21.10.2026, 20:15