Қытай Қазақстанда АЭС салуға ниет білдірді
Қазақстанға Атом электр станциясын салуға бірнеше елдердің компаниялары ниет білдірген. Олардың ішінде жоспары ауқымды Қытай мемлекеті де бар. Ал АЭС Қазақстанға салына ма жоқ па, оны халық референдум арқылы шешеді. Сонымен, көрші елдің энергетикалық әлеуеті қандай? Ұлттық арна тілшісі Айя Мүтәлі Қытайдағы АЭС-тің жұмысымен танысты.
Айя Мүтәлі, тілші:
Біз қазір Қытайдағы алғашқы атом электр станцияларының бірінің дәл алдында тұрмыз. Бұл қалашықта бір емес, 4 бірдей нысан бар. АЭС елдің шығыс аймағында орналасқан. Құрылысы 1985 жылы басталып, 1991 жылы пайдалануға берілген. Нысан сағатына 52 млрд киловат қуат өндіреді. Ғимаратқа кіруге бізге рұқсат берілді. Алайда ішін түсіруге рұқсат жоқ. Бұл техникалық қауіпсіздікпен байланысты. Жалпы қытайлық компания өздерінен бөлек, әзірге тек Пәкістан мемлекетіне 2 атом электростанциясын салып берген. Яғни, шет елдерде АЭС салу тәжірибесі аз. Ал Қазақстанға сала қалған жағдайда бұл жоба қанша теңгеге шығуы мүмкін деген сауал жолдаған едік. Компанияның бастығының орынбасары Мао Йауэй 2 блокты салу үшін шамамен 8 жарым млрд АҚШ доллары жұмсалады деп жауап берді. Алайда, бұл сома өзгеруі мүмкін. Ал нысан 10-15 жылда өз қаражатын ақтайды деп отыр. Егер кәсіпорын қазақстандық жобаны жеңіп алса, құрылыс жүретін жер аумағына 2 жыл зертттеу жүргізіп, 5-6 жылда салып беруге дайын. Дегенмен, Қазақстанда таңдау бар. Елімізге АЭС салып беруге Қытайдан бөлек, Оңтүстік Корея, Франция, Ресей және амеркалық 2 компания ниет білдірген.
Еске салайық, елімізде АЭС бойынша референдум өтеді. Яғни, станцияны салу-салмау туралы нақты шешімді халық қабылдайды.
Автор
Айя Мүтәлі
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ақтөбе облысында өнертапқыштарды қолдай бастаған
05.10.2026, 17:25
Дүниежүзілік азық-түлік күні мерекесі тойланды
05.10.2026, 17:24
Астанада ШҚО жәрмеңкесі ұйымдастырылды
05.10.2026, 17:22
«Ауыл аманаты»: Кәсіпкерлерге қаржылай қолдау көрсетілді
05.10.2026, 17:20
Шымкенттің қоқысын тасуға тағы жаңа көліктер берілді
05.10.2026, 17:18
Ел жаңалықтарына шолу
05.10.2026, 17:15
Ақмола облысында 38 жаңа медициналық нысан салынған
05.10.2026, 17:13
Көлік, әуе, кеме бағыты цифрландырылуда
05.10.2026, 17:12