Абай облысында құрылысы ұзаққа созылған жол қолданысқа берілді
«Талдықорған-Қалбатау-Өскемен» бағытындағы республикалық маңызы бар тас жолы көлік жүрісі үшін толықтай ашылды. Құрылысы 6 жыл бұрын басталып, сағызша созылған жолдың бейнетін өңір халқы бірнеше жылдан бері тартып келген еді. Мемлекеттен жолды жөндеуге 161 миллиард теңге қаржы бөлінген. Бірақ, Абай облысына қарасты 83 шақырымының құрылысы тым ұзаққа созылды. Енді мамандар 393 шақырым жерге түгелдей асфальт төселгендігін айтып отыр. Дегенмен жол қыс мезгілінде қатынас жеңіл болуы үшін ғана ашылған. Келер жылы бұл бағытта тағы 250 шақырымға асфальттің соңғы қабаты салынбақ.
Дулат Асан, «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» сарапшысы:
«Талдықорған-Қалбатау-Өскемен» арасындағы жолдың ашылу себептері, қысқа дайындықтар жүріп жатыр. Келесі жылы әлі жалғасады. Бұл қабат, соңғы қабат болып табылмайды. Келесі жылы тағы бір асфальт-бетон үстіне салынады. Республикалық маңызы бар жолды біз қадағалаудамыз.
Ержан Жақып
Автор
Ержан Жақып
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Еліміздің бірқатар өңірінде ауа райы күрт суытады
10.03.2026, 10:25
Ауа-райына байланысты кейбір аймақта көлік қозғалысы шектелді
10.03.2026, 10:24
Павлодар облысында 26 мыңға жуық мүгедек адам дауыс береді
10.03.2026, 10:24
Елімізде былтыр елде 20 млн шаршы метрден астам баспана пайдалануға берілді
10.03.2026, 10:21
Азия нарығында мұнай бағасы 6 пайызға арзандады
10.03.2026, 10:20
Трамп Таяу Шығыстағы соғыстың жақында аяқталатынын мәлімдеді
10.03.2026, 10:19
БАӘ-де қалып қойған ел азаматтары үшін бүгін арнайы рейстер ұйымдастырылады
10.03.2026, 10:17
Атыраудағы жоғалған отбасы: Тағы екі адамның мәйіті табылды
10.03.2026, 10:17