Қазақстан мен Того Президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан мен Того Президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді

28.11.2023

Қазақстанға Того президенті Фор Эссозимна Гнассингбе ресми сапармен келді. Батыс африкалық мемлекеттің басшысы біздің елге алғаш рет келіп отыр. Тараптар арасындағы дипломатиялық қатынас 2014 жылы орнаған. Ақорда сарайында салтанатты рәсім өтіп, президенттер шағын құрамда келіссөз жүргізді. Қасым-Жомарт Тоқаев әріптесінің Қазақстанға тарихи сапары екіжақты қарым-қатынастың жаңа кезеңіне жол ашатынын атап өтті. Арадағы алшақтыққа қарамастан, қазіргідей халықаралық күрделі жағдайда күш біріктіру керектігін айтты. Сонымен қатар қос ел күш жұмылдырып, алдағы уақытта атқара алатын негізгі салаларды айқындады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, екіжақты және халықаралық күн тәртібін ілгерілету үшін тұрақты диалог орнату қажет. Өз кезегінде Того президенті ынтымақтастыққа тың серпін беру үшін зор мүмкіндік бар деді.

Шерхан Жамбылұлы


Хабарламаларға жазылу