Қызылша жұқтырған 30 бала жансақтау бөлімінде жатыр
Елімізде қызылша бойынша ахуал күрделі. 30 бала жансақтау бөлімінде жатыр. Оның ішінде 1 жасқа дейінгі 15 бала бар. Бұл туралы Үкіметте Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният мәлімдеді. Оның айтуынша, тек бір ғана қараша айында 6 мыңнан астам қазақстандық қызылша жұқтырған. Ал, Премьер-Министр Әлихан Смайылов қызылшамен күреске жергілікті әкімдер белсенді атсалысуы керектігін айтты. Яғни, белең алып бара жатқан аурумен тек денсаулық сақтау жүйесі ғана емес, бүкіл қоғам болып күресуіміз қажет», – деді. Сонай-ақ, Премьер-Министр екпе алу жұмыстарын күшейтуді тапсырды.
Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-Министрі:
Мұндай қауіпті вируспен вакциналаудан өзге жолмен күресу мүмкін емес. Сондықтан екпе алуды күшейту қажет. Денсаулық сақтау министрлігі мен әкімдіктер вакцина алудың қажеттігі туралы ақпараттық түсіндіру жұмыстарын күшейту керек.
Азамат Бейбітұлы
Автор
Азамат Бейбітұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бір картинада - жүз тұлға
22.10.2026, 20:30
Студент егіс алқабын ЖИ арқылы талдайтын платформа әзірледі
22.10.2026, 20:21
Түркістан облысында мақта жинау науқаны аяқталуға жақын
22.10.2026, 20:20
Қыстау-Күршім ауылында жаңа мектеп ашылды
22.10.2026, 20:17
Қарағанды облысында жаңа кірпіш зауыты іске қосылды
22.10.2026, 20:15
«Таза Қазақстан» акциясына 8 млн адам қатысты
22.10.2026, 20:13
Еліміздің экобастамаларын сарапшылар жоғары бағалады
22.10.2026, 20:11
Қазақстан мен ЕуроОдақ байланысы нығайып келеді
22.10.2026, 20:06