Астанада «WorldSkills Қазақстан 2023» кәсіби шеберлік чемпионатының жеңімпаздары анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада «WorldSkills Қазақстан 2023» кәсіби шеберлік чемпионатының жеңімпаздары анықталды

28.11.2023

Астанада «WorldSkills Қазақстан 2023» кәсіби шеберлік чемпионатының жеңімпаздары анықталды. 30 түрлі мамандықты меңгерген жастар өз біліктіліктерін көрсетіп, бағын сынады. Жұмысшы мамандықтардың бәйгесіне әр өңірден 23 жасқа дейінгі 500-ден астам жас өрен қатысты. Олардың арасында кірпіш қалаушы, сылақшы, сантехник те бар. Бизнеске арналған IT шешімдер, Веб-технологиялар бойынша кәсіби шеберлер өз өнерлерін көрсетті. Биыл алғаш рет кіші сыныптарда оқыту саласының мамандары өз шеберлігін ортаға салды. Жеңімпаздар енді келер жылы Францияда өтетін халықаралық біріншілікте ел намысын қорғайды.

Балнұр Жексенбек, «WorldSkills Қазақстан 2023» жеңімпазы:

Үш күнде үш түрлі тур өткіздік. Ең бірінші - тәрбие сағатын өткізу, екінші - сабақ өткізу қазақ тілі пәні бойынша және үшіншісі - оқушылардың ғылыми жобасын жазу. Бұл жерде біз енді ғылыми жобада әлемдік стандартқа сай оқушылардың дене тұлғасын қалай дұрыс қалыптастырамыз, дене тәрбиесі бойынша оқушылар не істеу керек сұрақтарына жауап беріп, менің ұсынған жоспарым сарапшыларға ұнады деп осының арқасында бірінші орынға иеленіп отырмын.

Қаракөз Тұрмағанбет


Астана

Хабарламаларға жазылу