Премьер-Министр Әлихан Смайылов Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевпен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Премьер-Министр Әлихан Смайылов Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевпен кездесті

22.06.2023

Миллиардтық меже. Қазақ-Әзербайжан өзара сауда көлемін 1 миллардқа дейін жеткізуді жоспарлап отыр. Премьер-Министр Әлихан Смайылов Әзербайжанға ресми сапары барысында осы елдің Президенті Ильхам Әлиевпен кездесті. Тараптар онда ынтымақтастықтың жан-жақты тетіктерін талқылады.

Ильхам Әлиев Премьер-Министрдің Әзербайжанға ресми сапары екі ел арасындағы достық қарым-қатынасты одан әрі дамытуға ықпал ететініне сенім білдірді. Әрі келіскен шараларды іске асыру тауар айналымының ұлғаюына ықпал етіп, энергетика, көлік және басқа салаларда бұдан да ауқымды жобаларды жүзеге асыру үшін бизнеске қосымша мүмкіндіктер жасайды», - деді.

Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-Министрі:

Әзербайжан - Қазақстанның Оңтүстік Кавказдағы ең маңызды сауда-экономикалық серіктесі. Өткен жылдың қорытындысы бойынша екіжақты тауар айналымы 40%-ға өсіп, $460 млн-нан асты. Биылғы 4 айдың қорытындысына сәйкес өзара сауда айналымы $185 млн-ды құрап, 40%-ға артты.


Асима Нұрбайқызы

Хабарламаларға жазылу