Қызылша жұқтырған 30 бала жансақтау бөлімінде жатыр
Еліміздегі қызылша ауруы бойынша ахуал күрделі. Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғинияттың айтуынша, қызылша ауруының асқынуы бойынша әлемнің 167 елінде 415 мыңнан астам жағдай тіркелген. Елімізде қызылшаның 17 мыңнан астам жағдайы тіркелді. Олардың 82 пайыздан астамы балаларға тиесілі, оның көпшілігі вакцина алмаған балалар.
Азамат Бейбітұлы, тілші:
Бүгінгі Үкімет отырысы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғинияттың баяндамасымен басталды. Қазір қызылша барлық өңірде тіркелген. Елімізде қызылшамен ауырған науқастарға арналған 3,5 мыңнан астам төсек-орын орналастырылған, стационарлық емдеуде 2375 бала бар. Өкінішке қарай, 30 бала реанимация бөлімшелерінде ауыр жағдайда жатыр, олардың ішінде 1 жасқа дейін – 15 бала бар. Қызылша бойынша жағдайды тұрақтандыру мақсатында 1 жастан 6 жасқа дейінгі 600 мыңнан астам бала жоспарлы иммундаумен қамтылды. Жыл соңына дейін осы жас тобындағы 100 мыңнан астам баланы қамту жоспарланып отыр. Ал, Премьер-Министр Әлихан Смайылов қызылшаның таралуын тоқтату керек деді. Яғни қызылша асқынып кетсе, балалардың денсаулығына аса қауіп төндіреді. Сондықтан онымен тек денсаулық сақтау жүйесі ғана емес, бүкіл қоғам болып күресуіміз қажет. Бала денсаулығы басты назарда болуы тиіс. Вакцина алуды күшейту керек, мұндай қауіпті вируспен басқаша күресу мүмкін емес», - деді Премьер-Министр. Сонымен қатар қызылшаға қарсы вакцинаның қосымша 1,5 млн дозасы сатып алынды. Бұдан бөлек Үкімет отырысында бүгін авто жол саласын және сауда биржаларын дамыту мәселелері талқыланады. Ол жайлы алдағы жаңалықтарда кеңінен баяндаймыз.
Азамат Бейбітұлы
Автор
Азамат Бейбітұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Санкт-Петербург қаласына барады
20.12.2025, 17:03
Жапонияға виза алу жеңілдеуі мүмкін
20.12.2025, 17:01
«Таза көмір» технологияларына көшу жұмысы жеделдей түседі
19.12.2025, 20:59
Отандық тарихтың Қазақ хандығына арналған төртінші томы бекітілді
19.12.2025, 20:58
Цифрландыру - 2025 жылдың басты жетістігі
19.12.2025, 20:57
Сарапшы: Жасанды интеллект дәуірінде медианың этикасы қалыптасуы керек
19.12.2025, 20:56
Астанада жаңажылдық шыршалардың шамы жағылды
19.12.2025, 20:50
Биыл елімізде 2,8 млн ағаш отырғызылды
19.12.2025, 20:48