Түркияның Измир қаласын су басты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркияның Измир қаласын су басты

27.11.2023

Түркияның Измир қаласын су басты. Елдің батысындағы Эгей теңізі жағалауында орналасқан қалада екі күннен бері жаңбыр толастамай, қатты дауыл соқты. Соның кесірінен теңіз суының деңгейі бір метрге дейін көтеріліп, жағалауға жақын үйлер мен көшелер су астында қалды. Екі миллионнан аса тұрғыны бар шахарда ондаған үй мен жұмыс орындарына су кіріп, адамдар қайықпен құтқарылды. Су тасқынының кесірінен қаланың кей аудандарында электр жарығы өшірілген. Метеролог мамандар бүгін ауа райы жақсаратынын яғни, жел басылып, жаңбыр тоқтайтынын айтты.

Тунч Сойер, Измир қаласының әкімі:

Кешеден бері 1200 құтқарушы мен 250 техника күн-түн демей жұмыс істеп жатыр. Ауа райының қолайсыздығы туралы мамандардың алдын ала хабарлауының арқасында апаттан ешкім жарақат алмады. Адамдарды дер кезінде қауіпсіз жерге көшірдік. Қазір қауіптің беті қайтты.
Айдос Әшім

Хабарламаларға жазылу