Биыл кәсіпкерлерге 8,7 млрд теңгенің гранты берілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Биыл кәсіпкерлерге 8,7 млрд теңгенің гранты берілді

24.11.2023

Шығыс Қазақстан облысында биыл өз кәсібін ашқандар саны күрт көбейді. Бүгінде облыста 64 мың шағын және орта бизнес тіркелген. Соңғы тоғыз айдың қорытындысы бойынша тек кәсіпкерлік саласынан 98 миллиард теңге салық жиналған. Енді осы қарқын бәсеңдемес үшін аймақтағы атқарушы билік кәсіп иелеріне берілетін грантты көбейтіп, несиесін субсидиялауға басымдық бермек.

Кембағал балаларды оңалтуға арналған бұл орталық-Өскеменде бір жыл бұрын ашылды.Қазір 135 бүлдіршін үздіксіз келіп жүр. Оларға дефектолог, психолог және педагог мамандар оңалту жұмыстарын жүргізеді. Ол үшін арнайы кабинеттер жабдықталған.

Лилия Мамбурова, «Страна Чудес» балаларды оңалту орталығының директоры:

Мемлекеттен берілетін грант пен пайызы төмен несие шығыны көп әлеуметтік сала бойынша іс бастаған біз қатаралы кәсіпкерлерге үлкен көмек. Былтыр біз осы орталықты енді бастап ашқанда, 5 млллион теңге грант алдық. Нәтижесінде жоспардан тыс бірнеше қызметті қосып аштық.

Мемлекеттен қаржылай көмек алып ісін ілгері жүргізгендердің бірі - Вячеслав Маликов. Кәсіпкер шағын шеберханасында мекенжай тақташасынан бастап 3D суреттерге дейін шығарады. Түрлі пішіндерді ерекше дәлдікпен сызып, сосын ою үшін екі станок алған. Ол мемлекеттен алған 5 миллион теңге қайтарымсыз гранттың арқасында кәсібін кеңейтті.

Вячеслав Маликов, жеке кәсіпкер:

Бұрын біз бәрін қолмен кесетінбіз. Ол әрине ойлағаныңдай болмайды. Осы екі станогты алғалы жұмыстың өнімділігі артты. Ең бастысы тапсырысты уақтылы орындаймыз. 5 миллион теңге көп ақша емес. Бірақ енді іс бастаған кәсіпкерлер үшін үлкен көмек.

Үлкен көмектің бір түрі кәсіпкер несие алу кезінде кепілге қоятын мүлкінің құны төмен болса енді мемлекет гаранат болады. Ал алған несиесінің жартысынан көбіне тағы да мемлекет субсидия төлейді. Нәтижесінде кәсіпкер 7 пайыз мөлшерінде ғана қаржы алады.

Марат Қабақов, облыстық кәсіпкерлік басқармасы басшысының орынбасары:

Егер кәсіпкер несие алғанда 24 пайызға алатын болса, жартысын мемлекет субсидиялап, нәтижесінде кәсіпкер несиені 7 пайызға алатын болады. Бұл деген мемлекет тарпанына жасалып отырған үлкен көмек болып отыр.

Биыл өңірде 544 кәсіпкер 8 миллиард 700 миллион теңгенің қайтарымсыз грантын алса, 97 жобаны қаржыландыруға 2 миллардқа жуық теңгенің пайызы төмен несиесі берілген.


Олжас Керейхан

Хабарламаларға жазылу