Семейде «Қыс-2023» республикалық командалық-штабтық оқу жаттығуы өтті. Іс-шара барысында өңірдегі азаматтық қорғау қызметтерінің қыс мезгілінде болуы мүмкін төтенше жағдайларға дайындығы пысықталды.
Былтыр Семейдің Жылу орталығында қыс ішінде өрт болып, шаһардағы бірнеше тұрғын үй жылусыз қалған еді. Өткізілген оқу жаттығуы осындай төтенше жағдайда қалай жедел әрекет ету қажеттігіні пысықтады. Дайындық кезінде шартты түрде ірі жылу нысананда болған өртті сөндіру міндеті қойылған. Төтенше жағдай мамандары мен қаланың коммуналдық қызмет өкілдері бірлесіп қысқа мерзімде апатты жойып, қалай әрекет ететіндіктерін байқатты.
Әсет Жолдыбеков, Облыстық ТЖД апаттарды жою басқармасы бастығының міндетін атқарушы:
Оқу-жаттығу жиынына өрт сөндіру және апаттық құтқару қызметінің бригадалары қатысты. Барлық бөлімдер тапсырманы мүлтіксіз орддындады. Бәрі ойдағыдай өтті.
Жарқын Тілебалдин, Семей қалалық ТЖБ бастығының міндетін атқарушы:
Теплокоммуэнерго аумағында болған шартты түрде төтенше жағдайдың алдын алу бойынша күш құралдарды пысықтау болып табылады. Оқу жаттығудың мақсаты қалалық Төтенше жағдайлар және қалалық азаматтық қорғау қызметінің іс қимылдарын пысықтау. Және қыс мезгілінде болған төтенше жағдайларға дайын болуын пысықтау болып табылады.
Оқу-жаттығуына төтенше жағдай, оқыс оқиға кезінде шұғыл көмек көрсететін, адамдарды эвакуация жасайтын жасақтар қатысты. Арнайы техникалардың қысқа әзірлігі тексерілді. Абай облысы құрылғаннан бері төтенше жағдай кезінде қажет 30 дан астам арнайы көлік жаңадан алынған. Жыл соңына дейін тағы бірнеше жаңа техникамен толығады.
Алексей Штыкель, облыстық ТЖД бастығының міндетін атқарушы:
Облыс аумағында жүзден астам әртүрлі арнайы техника қысқа сақадай сай тұр. Жеке құрамда 200-дей адам бар. Біз күн-түн демей жұмыс істейміз. Кез келген төтенше жағдайға әзірміз. Жол талғамайтын техника саны жеткілікті. Әрине бірінші кезекте әлеуметтік нысандардың қыс маусымына дайындығына мән береміз.
Жыл басынан бері өңірде қиын жағдайға тап болған 500-ге тарта адамға көмек көрсетілген. Биыл қыс мезгілінде республикалық маңызы бар тас жолдардың бойында жаңадан құрылыған жедел құтқару жасақтары кезекшілік ететін болады.
Ержан Жақып