Мектеп оқушысы автобус жолаушыларын құтқарып қалды
Алматы облысы Іле ауданында 8 сынып оқушысы автобус жолаушыларын құтқарып қалды. Қоғамдық көлік тізгінінде болған азаматтың жүрек талмасы ұстап, рөлге ие бола алмай қалған. Сол кезде жас жігіт тез арада тежегішті басып, автобусты тоқтатқан. Куәгерлердің айтуынша, ол жылдам әрекет етпегенде, автобус жақын жердегі үйге соғылуы мүмкін еді. Жергілікті атқарушы орган қызметкерлері мен мектеп ұжымы оқушының әрекетін жоғары бағалап, батылдығы үшін марапаттады. Оқиға кезінде автобустың ішінде 15-20 шақты жолаушы болған. Дәрігерлер жүргізуші қазір жан сақтау бөлімінде жатыр. Жағдайы тұрақты ауыр дейді.
Ақжол Герой, 8-сынып оқушысы:
Есін жоғалтып алып артқа қарай құлап, газды басып, алдыға қарай газдың құбырын сындырып жіберді. Тежегішті басып, ручникті тарттым. Автобус өшіп есіктерді аштым. Автобустың ішіндегі адамдардың барлығы сыртқа түсіп, бәрі аман-есен. Тек жүргізуші ғана есін жоғалтып алды.
Қуан Нұрақын
Автор
Қуан Нұрақын
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Құлсарыда жаңа теміржол вокзалы ашылды
21.10.2026, 17:25
60 велошабандоз көк байрақпен Алматыны шарлады
21.10.2026, 17:19
«Атамекен» әнін 460 оқушы бірге шырқады
21.10.2026, 17:18
Республика күніне орай сауда орталықтары акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 17:17
Жамбылдық зейнеткер құс өсіріп, табыс тауып отыр
21.10.2026, 17:15
Елордалық цирк маңайы абаттандырылды
21.10.2026, 17:13
Петропавлда тағы жүз көшет екті
21.10.2026, 17:12
Ақтөбеде қағаз қалдықтарын өңдейтін зауыт салынып жатыр
21.10.2026, 17:10