Пайдаланылмай жатқан 8 млн гектар жер мемлекетке қайтарылды
Пайдаланылмай жатқан 8 млн гектар жер мемлекетке қайтарылды. Бұл - Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: Бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» атты сайлауалды бағдарламасы аясында іске асып отыр. Мәжіліс депутаты Серік Егізбаев қолданыстағы ережеге өзгерістер енгізу қарастырылып жатқанын айтты. Қазіргі Заңға сай, фермер жерінің 20 пайызын ғана жайылымға қолданса жетіп жатыр. Ал қалған жер бос жатады. Егер осы жайылымдық жүктемені 20 пайыздан 50 пайызға дейін көтерсек, ел бойынша бос жатқан 10 млн гектардай жерді пайдалану мүмкіндігі туады.
Серік Егізбаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Жазғытұрым орманда бос жерлер болса, соны міндеттеп, тиісті құзырлы органдарға ауылдық әкімдерге сол жерге тұрғындардың малдарын жаюға, шөбін шабуға мүмкіндік беру керек. Сондай мүмкіндік қарастырып, ертең заң қабылданған жағдайда оған да қосымша 12 млн гектар жер оған қосылады.
Қаракөз Тұрмағанбет
Автор
Қаракөз Тұрмағанбет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Білім сапасы жақсарса, ұлттық бәсеке қабілеті арта түседі»
09.09.2026, 00:42
90 жастағы қария темірден түйін түйеді
08.09.2026, 21:16
Жаңа оқу жылында 57 мектеп ашылды
08.09.2026, 20:15
Енді мұғалімдерге сабақ сағатын ЖИ бөледі
08.09.2026, 20:14
Елдегі эпидемиологиялық ахуал тұрақты
08.09.2026, 20:13
Әлем жаңалықтарына қысқаша шолу
08.09.2026, 20:12
Экономика өсіп келеді: ЖІӨ 70,9 трлн теңгеге жетті
08.09.2026, 20:10
Қазақстандықтар микронесие алуды азайтты
08.09.2026, 20:09