Трансұлттық ұйымдасқан топ ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Трансұлттық ұйымдасқан топ ұсталды

22.11.2023

Бағалы металдардың заңсыз айналымымен айналысқан трансұлттық ұйымдасқан топ ұсталды. Олар Қазақстан, Украина, Ресей азаматтары. Қылмыстық топ қатысушылары Ақмола облысындағы шахтадан құрамында алтын бар рудаларды ұзақ мерзім заңсыз өндіріп келген.

Қолдан жасалған шикізат арқылы зергерлік бұйымдарды жасап, астыртын шеберханаларға жіберіліп отырған. Кейін атақты зергерлік үйлердің брендтік атауларымен сатылған. Тауарлар шетелге әуе және теміржол арқылы жөнелтілген. Тергеу нәтижесінде 19 тонна руда, 15 келіден артық зергерлік бұйымдар және 9 келіден аса жарылғыш заттар тәркіленген. 17 күдікті ұсталды. Сотқа дейінгі тергеу басталды.

Әсима Нұрбайқызы

Хабарламаларға жазылу