Елде сұйытылған газ қымбаттайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елде сұйытылған газ қымбаттайды

20.11.2023

Жаңа жылдан бастап елімізде сұйытылған газ қымбаттайды. Бұл туралы энергетика вице-министрі Әлібек Жамауов хабарлады. Бұл елдегі тапшылықты жою үшін жасалып отырған шара деп түсіндірді ол. Оның үстіне сұйытылған газ біртіндеп қымбаттай бермек. Ол үшін министрлік арнайы жоспар да әзірлеп қойған. Оңғар Алпысбайұлшы толықтырып айтады.

Оңғар Алпысбайұлы, тілші:

Министрліктің мәліметі бойынша әуелде баға 5 теңгеге өседі. Кейін әр 6 ай сайын қымбаттап отырады. Бізде қазір ай сайын 130-135 мың тонна сұйытылған газ өндіріледі. Ал тұтыну одан 10 мың тоннаға көп.

Қазір министрлік қазмұнайгаз компаниясынан ай сайын ішкі нарыққа төмендетілген бағамен сол 10 мың тоннаны алып отыр. Алдағы жылдары КазРосГаздың Орынбордағы зауытынан қосымша сұйық отын алу бойынша келіссөздер жүріп жатыр. Министрліктің есебінше тұтыну көлемі жүргізушілердің көліктеріне жаппай газ құрылғыларын орнатуынан өсіп кеткен. 1 жылдың ішінде 300 мыңнан астам көлікке газ құрылғысы орнатылыпты. Сондықтан бұл мәселе де бақылауға алынбақ.

Әлібек Жамауов, ҚР Энергетика министрінің орынбасары:

100 пайыз шектеу болмайды. Бірақ газовое оборудование тексеріледі. Қытайдан келді ме? Сапалары қандай? Оны кім қондырды? Қалай қондырды? Қай жерде қондырды? Қазір қондырушы компанияларда лецензия мүлде жоқ. Мүмкін лецензиялық қызмет жасаймыз ба? Қазір соны ойластырып жатырмыз.

Оңғар Алпысбайұлы, тілші:

Бұған дейін жанармайдың барлық түрі Қазақстанда көршілес елдерге қарағанда едәуір арзан екені айтылған. Көлеңкелі сауда мен заңсыз экспортты тоқтату үшін бағаны теңестіруіміз керек деген министрлік. Осылайша 3-4 жылдан кейін газ бағасы АИ-92 маркалы бензин құнының 70 пайызына теңестірілмек.

Хабарламаларға жазылу