33 мыңға жуық шағым түскен. Жыл басынан бері Қазақстан азаматтары Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетіне осынша арыз түсірген. Бұдан бөлек жеке құқық қорғаушы заңгерлерге жүгінетіндер қаншама.
Бұл былтырмен салыстырғанда шамамен 160 пайызға артық. Сауда және интеграция министрлігі тұтынушы құқықтарына байланысты биылғы жылды қортындылаған еді. Заңға өзгерістер енгізіліп жатқанын да мәлімдеді.
Ең көп шағымданған үш мегаполистің тұрғындары екен. Алматыдан 5 мың, Астанадан 3 мың, Шымкенттен 2 мың азамат «тұтынушы ретінде құқығым бұзылды» деп арыз түсірген.
Қазақстандық тұтынушылардың құқығы көбіне бөлшек саудада бұзылады екен. Шамамен 37 пайызы осы салаға тиесілі. Одан соң электрондық саудада, тұрмыстық қызметтерде және т.б. салаларда.
Электронды сауда дегеннен шығады. Қазақстандағы ең ірі маркетплейсте үш күндік науқанда 1 миллионнан астам азамат сауда жасаған. 2 миллиондай тауар сатып алған.
Алматы
Нұрмұхамед Маманов, Экономист :
Бұл біздің нарықтағы адамдардың өзінің айлығына өзіне қажетті заттарды ала алмауының көрсеткіштерінің бірі деп есептеуге болады. Халық бөліп төлеуге бермейтін кезде ала алмайды. Бөліп төлеу кезінде ғана алады. Еңбекке қатысып жүрген адамдардың саны 9,3 миллион болатын болса соның 7,7 миллионының басында бір кредиттен бар.
Өткен шығарылымдардың бірінде «Аптада» кредит мәселесін көтерген едік. Қазақстандықтардың берешегі 9 триллион 200 миллиард теңге екенін айтқанбыз. Орта есеппен әр адам 1,5 миллион теңге банкке қарыз деп есептеген едік. Ал несиеден артылған ақшасын азаматтар қайда жұмсайды? Базарға бара ма? Сауда нарығында қандай трендтер бар? Кәсіп иелері мен экономистер не дейді? Елдос Есенболдың бейнематериалы.
Үш баланың анасы Жадыра соңғы рет қашан дүкенге барғанын ұмытып қалған.
Жадыра, тұтынушы:
Киім-кешектен бөлек үйге керекті заттар. Күнделікті қолданатын немесе күнделікті жеп жүрген тамақтарымызды да осы онлайн заказбен алдырамыз.
Үйдегі ананың сауда орталығына баруға уақыты да, мүмкіндігі де жоқ.
Жадыра, тұтынушы:
Оның үстіне сауда орталықтарында кезектер болады. Балалар ауырады. Адам көп шоғырланған жерге бармауға тырысамыз.
Қолма-қол сауданың ортасы базар екені белгілі. Сондықтан мұндағылардың пікірін білмекке арнайы бардық.
Астана
Руслан Оразалиев, ҚР СИМ электронды сауда дамыту және цифрландыру департаменті директорының орынбасары:
Пандемияға дейін 2019 жылы электронды сауда үлесі 1,8 пайызға тең екенін білеміз. 2022 жылдың қортындысы бойынша ол көрсеткіш 12,5 пайызды құрады. 2022 жылдың қортындысы бойынша электронды коммерция қызметтер нарығының көлемі 1,2 триллион теңгені құрады.
Яғни, бұл сандардан коронавирус пандемиясы электронды сауда мәдениетін біршама алға ілгерлеткенін байқауға болады. Ал саудагерлер бар гәп қолма-қол сауданың шығынында дейді.
Бірақ желіде бизнес жүргізудің де өз шығыны бар дейді жас кәсіпкер Зарина. Ол кәсібін онлайн бастап қазір оффлайн да жұмыс істеп жатыр.
Астана
Зарина Ахметжанова, жеке кәсіпкер:
Онлайн магазин жүргізудің бір ғана проблемасы бар. Ол дұрыс контент жасау. Мысалы менде СММ 110 мың теңге. Таргет 180 мың теңге. Студияның бір сағаты 15 мың теңге. Модельдің бір сағаты 10 мың теңге.
Дегенмен желідегі парақшаңда бизнес жасау электронды коммерцияға қосқан үлесіңіз емес дейді мамандар. Е-коммерц нарығын қыздырып тұрған маркетплейс, яғни, онлайн сауда алаңдары. Бұл дегеніңіз ұялы телефондағы қосымша арқылы қажетіңізді алдыру.
Алматы
Алуа Нұрбай, Консалтингтік және сауда компаниялары қауымдастығының президенті:
Бір шығын ол жерде тек қана маркетплейстің орнына төлеу. Немесе ақша аударылып жатқан кезде ақшадан бір 4-5 пайыз ғана төленеді.
Бұл азық-түлік тағы басқа үй тауарларын жеткізумен айналысатын Қазақстандық компанияның қоймасы. Әзірге тек Астанада ғана жұмыс істейді. Күнін 1000-нан астам тапсырыс қабылдап жөнелтеді. «Шет елдік маркетплейстер тарапынан бәсеке күштірек» дейді компания басшылығы.
Ерлан Исламов, Тауар жеткізу сервисінің атқарушы директоры:
Оффлайн дүкендер географиялық тұрғыдан шектеулі. Ал маркетплейстердің сөресі түпсіз терең деуге болады. Мысалы бізде сатушының кабинеті деген бар. Кез-келген шағын кәсіпкер онда тіркеліп өзінің тауарын сатып, бағасын қоя алады. Яғни, бір қосымша бірнеше бизнестің дамуына себеп болады.
Компания басшылығы қазір логистикалық ұйымдармен келіссөз жүргізіп жатыр. Болашақта тұтас Қазақстан, әрмен қарай ТМД нарығына шығу жоспарында бар.
Алматы
Алуа Нұрбай, Консалтингтік және сауда компаниялары қауымдастығының президенті:
Дүниежүзінде қазіргі 23 жылдың көрсеткіштері бойынша ретейл дейді. Сауда-саттық өнімдерінің 20 проценті бұл коммерциялық. Ол не деген сөз, ол 80 пайыз адам әлі де магазинге барып, товарды ұстап алуға ұмтылады.
Сарапшылар: «Оффлайн сауда мүлде өліп қалды деуге келмейді. Және ол мүмкін емес» дейді. Бірақ жыл санап онлайн бизнестің ауқымы кеңейе беретіндігін айтады. Бұл өз кезегінде..
Жыл басынан бері интернет алаяқтық бабы бойынша 13 жарым мың қылмыстық іс тіркелген. Соның ең көбі онлайн несие одан соң дәл осы онлайн саудаға қатысты. Тұтынушы құқығын қорғаушы заңгер Тұрсын Жағпарова онлайн тапсырыс берердің алдында компанияны мұқият зерттеңіз дейді.
Тұрсын Жағыпарова, Республикалық тұтынушылар құқығын қорғау ұйымы төрағасының орынбасары:
Ақша қайтарып беру 30 бапта жазылған. Тұтынушылар құқығын қорғау заңына сүйене отырып менің ақшамды қайтарып бер, болмаса айырбастап бер деп жазасыз. Негізі нақты сіздің арызыңыз қолмен жазып почтаға жіберген немесе қолына берген болып саналады.
Дегенмен экономистер электронды сауда нарығының жандануын оң бағалайды. Маркетплейстердегі бизнес салықтан жалтаруға мүмкіндік бермейді. Әрі нарықта қай тауардың өтімді, қайсының тұралап тұрғанына анализ жасау да жеңілірек дейді.
Алматы
Нұрмұхамед Маманов, Экономист:
Маркетплейстарда жұмыс істегенен кейін бірінші бізде логистика қажет. Ішкі логистика қажет, сыртқы логистика қажет. Ішкі логистиканың дамуы біздердегі ақылы жолдар бар, ақысыз жолдар бар түсімдік, пайыздық көрсеткіштерін көбейтіп жатыр. Сәйкесінше бұл да инфраструктураға әсер етіп жатыр деген сөз.
Бұл орайда Қытай кейсін мысалға алуға болады. Алғашқы маркетплейс бұл елде 2000 жылдардың басында пайда болған.
ҚХР, Ухань
Пэн Хунся, Хубэй Университеті тауар тізбегі және маркетинг бөлімінің директоры:
2003 жылы қолданданысқа енгізілген қытайлық қосымшаны айына 490 млн астам адам қолданады. Егер бақылып отырсаңыз күніне постаматтан бір адамның кемінде 5-6 сәлемдеме алып бара жатқанын көруге болады. Қытайда онлайн сауда алаңында орта, шағын бизнес өкілдері ғана емес ,тіпті сауданы енді бастаған кәсіпкерлер саудалай алады. Қазір орта есеппен Қытай халқының 70 пайызы, кейбірі өте сирек болса да электронды сауда жасайды.
Елдос Есенбол, тілші:
Не дегенмен онлайн сауда алаңы, маркетплейстер нарық ережесі. Ал ережеге бағынғысы келмегендер ойыннан шығатыны белгілі. Қытайда онлайн бизнес жалпы сауданың 40 пайызына тең екен. Ал Қазақстандағы текстильдің 50 пайызға жуығы осы көрші мемлекеттен келеді. Мүмкін қазақстандық бизнесті өркендетудің, экспорттық потенциалды арттырудың бір амалы осы электронды сауда алаңы шығар?
Елдос Есенбол