Ақтөбеде полицейлер мұқтаж науқастар үшін қан тапсырды
Ақтөбелік құқық қорғаушылар жол-көлік оқиғаларынан зардап шеккен науқастар үшін қан тапсырды. Шараға Полиция департаментінің жеке құрамы мен бөлімшелерден 100-ге жуық қызметкер қатысты.
Олардың көбі бұған дейін де донор болып жүргендер. Қан орталығының мамандары Полиция департаментімен тығыз байланыс орнатқан. Мұндай шаралар жыл сайын өткізіліп келеді. Құқық қорғаушылар арасында өз еркімен барып, қан тапсырып тұратындар да бар. Дәрігерлердің айтуынша, өңірде тұрақты донорлар саны мыңға жуық. Олардың әрқайсысы жылына 20 адамды ажалдан арашалауға көмектеседі.
Абай Жүсіпов, облыстық полиция департаментінің бастығы:
Менің әріптесім өкінішке орай қызмет бабында қаза тапты. Сол кезде де қан тапсыру керек болды. Бүкіл департамент қызметкерлері келіп, қан тапсырдық. Сондай іс-шараларға да қатысамыз. Осыған өзіміз үлгі болайық деп өзім де қатысып отырмын бүгінгі шараға.
Жақсыбек Кемал
Автор
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Биыл елімізде алғаш рет қазақы тазы күні аталып өтті
06.09.2026, 20:00
Ерекше қажеттілігі бар балаларды қолдау туралы заң: Неге мән беру керек?
06.09.2026, 19:51
ШЫҰ: Президент Бірыңғай транзиттік цифрлық платформа құру бастамасын көтерді
06.09.2026, 19:47
65 жастан асқан жүргізушілер медициналық тексерістен қалай өтеді?
06.09.2026, 18:44
Үкімет Ұлттық қордан қанша қаржы алуды жоспарлап отыр?
06.09.2026, 18:37
Білімін ел игілігіне арнаған қазақстандық ғалымдар
06.09.2026, 18:29
Қазақстан көшпенділер ойындарында көш бастап тұр
05.09.2026, 20:09
Үш облыстың аумағымен әскери техника жүріп өтеді
05.09.2026, 20:09