Газа секторынан эвакуацияланған қазақстандықтар Каирге жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Газа секторынан эвакуацияланған қазақстандықтар Каирге жетті

15.11.2023

Газа секторынан шыққан Қазақстан азаматтары Каирге жетті. Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, бұл соғыс ошағындағы отандастарымызды эвакуациялаудың бірінші кезеңі. 92 қазақстандық пен олардың отбасы мүшелері «Рафах» бақылау-өткізу пункті арқылы Газа секторынан Мысырға өтті. Каирдегі қонақ үйге жайғасқан азаматтарымызға дипломаттар мен халықаралық ұйымдардың қызметкерлері қажетті көмек пен психологиялық қолдау көрсетіп жатыр. Енді Үкімет оларды елге жеткізу үшін эвакуациялық борт жіберуі тиіс.


Хабарламаларға жазылу