Газа секторындағы Қазақстан азаматтарын эвакуациялау басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Газа секторындағы Қазақстан азаматтарын эвакуациялау басталды

13.11.2023

Газа секторындағы Қазақстан азаматтарын эвакуациялау басталды. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты. Әзірге 44 азаматтан тұратын бірінші топты соғыс аймағынан шығару жоспарланған. Оның 40-ы отандасымыз болса, төртеуі олардың шетелдік отбасы мүшелеріне кіреді. Біздің елден бөлек бөлек тағы 9 мемлекет өз азаматтарын эвакуацияламақ. Қазір Рафак бекетінде барлығы 594 адам кезекте тұр. Сонымен бірге, Мысыр билігімен басқа да қалып қойған отандастарымыз бен жанұя мүшелерін шығару бойынша келіссөз жүргізіп жатырмыз, деді ведомство өкілі. Бұған дейін Газа секторында Қазақстанның 76 азаматы, отбасы мүшелерімен қосқанда 161 адам барын айтқан едік. Министрлік қазақстандықтарды елге әкелуге арнайы борт та ұйымдастырмақ.

 Айбек Смадияров, ҚР сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі:

Эвакуация Газа секторы мен Мысыр арасында орналасқан Рафак бақылау-өткізу пункті арқылы жүзеге асады. Пунктен өткеннен кейін қазақстандықтар Каирге көлікпен жеткізіліп, қонақ үйге орналастырылады. Содан кейін Қазақстанға жеткізіледі. Қазіргі таңда қазақстандық дипломаттар Каирден Рафак пунктіне жолға шықты. Сосын азаматтарды шығаруға бар жұмысты жасайды. 


Хабарламаларға жазылу