Өз елінде құқығы қорғалмаған балалардың жағдайына БҰҰ тікелей араласпақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өз елінде құқығы қорғалмаған балалардың жағдайына БҰҰ тікелей араласпақ

15.11.2023

Енді өз елінде құқығы қорғалмаған балалардың құқығы халықаралық деңгейде қорғалады. Бұған Біріккен Ұлттар Ұйымы тікелей араласпақ. Ал арызды баланың өзі немесе оның заңды өкілі жазуы тиіс. Яғни, құқығының тапталғаны жөніндегі шағымды БҰҰ-ның Бала құқықтары жөніндегі комитетіне жолдауға болады.

Бүгін Мәжіліс Заңды қабылдады. Яғни, депутаттар «Бала құқықтары туралы конвенцияға хабарлар рәсіміне қатысты факультативтік хаттаманы ратификациялау туралы» заңды мақұлдады.

Ғани Бейсембаев, ҚР Оқу-ағарту министрі:

Жалпы мұндай ратификацияға 53 мемлекет ниет білдірген. 50 мемлекетінде ратификациядан толық өткен. Қазақстандық әр бала өз құқықтарын халықаралық деңгейде қорғау мүмкіндігіне ие болады.



Айя Мүтәлі

Хабарламаларға жазылу