Қоғамда қылмысқа бей-жай қарамау аса маңызды – Ерлан Қарин - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қоғамда қылмысқа бей-жай қарамау аса маңызды – Ерлан Қарин

15.11.2023

Қоғамда қылмысқа бей-жай қарамау қағидаты дәріптелуі керек. Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің мәлімдеуінше, белсенді азаматтық көзқарас үстемдік ететін елде вандализм, балаларға қарсы қылмыс, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу әлдеқайда нәтижелі болады.

«Қазақстанда 2020 жылдан бері отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жолында жүйелі шаралар қабылданып келеді. Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің бастамаларын іске асыру аясында полицияның тиісті бөлімшелерінің штаттық саны артты, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық істерін қарау үшін тергеуші-әйел мамандығы енгізілді. Заңнамадағы соңғы түзетулерге сәйкес, мұндай қылмыстар жәбірленуші арызының негізінде ғана емес, сонымен бірге куәгерлердің, көршілердің мәліметі, бейнекамералардың жазбасы негізде анықталады.

Бұдан бөлек, қазір бір рет ымыраға келген тараптардың кейін қайта татуласуына жол берілмейді. Жалпы, тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік күшейтілді»,-деді Мемлекеттік кеңесші.


Хабарламаларға жазылу