Шетелге заңсыз шығарылған 1 трлн теңге мемлекетке қайтарылды
Бір жылдың ішінде шетелге заңсыз шығарылған 1 трлн теңгеге жуық қаражат мемлекетке қайтарылды. Бұл туралы елдің Бас прокурорының орынбасары Жандос Өмірәлиев «Бас тақырып» бағдарламасына берген сұхбатында айтты.
Жандос Өмірәлиев, ҚР Бас прокурорының орынбасары:
Осы 1 трлн теңгенің 600 млн доллары бұл Қазақстанға шет мемлекеттерден қайтарылды. Оның ішінде Әмірліктен 15 млн доллар, Лихтенштейннен 60 млн доллар, Австрия, Гонконг және басқа да елдерден біршама қомақты қаражат қайтарылды. Ал, ел ішінен қайтарылған қаражаттарды айтатын болсақ, қаражаттан бөлек біз жылжитын және жылжымайтын мүліктерді қайтардық.
Ол қандай мүліктер? Жалпы, капиталды кімдер шығарған? Арнайы қабылданған заңның түпкі мақсаты не, қарапайым адамға не бермек? Осы және өзге де өзекті сауалдардың жауабын бүгін сағат 17:30-да «Бас тақырып» бағдарламасынан көріңіздер.
Армангүл Тоқтамұрат
Автор
Армангүл Тоқтамұрат
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Құрама қоржынына 50-ші жүлде түсті
23.10.2026, 20:30
Ақтөбеде спорт кешені пайдалануға берілді
23.10.2026, 20:29
Алматыда оңалту саласындағы жаңа технологиялар таныстырылды
23.10.2026, 20:29
ҚазҰУ экологиялық шара ұйымдастырды
23.10.2026, 20:28
Республика күніне тарту: MEGA-да тарих сахналанады
23.10.2026, 20:26
ШҚО-да өңірдің дамуына үлес қосқан азаматтар марапатталды
23.10.2026, 20:25
Ақтөбеде Мемлекеттік наградалар табысталды
23.10.2026, 20:23
Іле ауданында Республика күні аталып өтті
23.10.2026, 20:21