Ұлттық банк теңгенің жаңа дизайнын таныстырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық банк теңгенің жаңа дизайнын таныстырды

15.11.2023

Бүгін - ұлттық валюта күні. Яғни теңге айналымға енген күн. Төл теңгемізге биыл 30 жыл толды. Осыған орай, жаңа банкноталар сериясы жарыққа шықты. Оны Ұлттық банк Алматыда өтіп жатқан Қаржыгерлер конгресіне жиналғандарға таныстырды. Ол «сақ стилінің» элементтеріне негізделген және көшпелілердің бірегей мәдениетінен қазіргі Қазақстанға дейінгі, елдің мұрасын көрсетеді.

Жаңа дизаиндағы банкноталар сериясы осы жылдан бастап біртіндеп айналымға шыға бастайды. Айналымда ескі және жаңа банкноталар 1 жыл бойына заңды төлем құралы болып қала береді. Ұлттық банктің хабарлауынша, айналымда қатар жүру мерзімі аяқталған соң барлық банктер мен «Қазпошта» ескі үлгідегі банкноталарды жаңа үлгідегі банкноталарға – 3 жыл ішінде, ал Ұлттық Банктің филиалдары – мерзімсіз айырбастай береді.

Жандос Темірғали


Хабарламаларға жазылу